Медиация тәртібі туралы

Медиация тәртібі туралы

Медиация тәртібі туралы

 

Қазақстанда сот отырыстарының баламалы түрі - медиация көп қолданыла бермейді, бұл азаматтық дауды (дау-шарды) сотсыз және тергеусіз шешу.

Медиация – бұл «тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге және дауды (дау-шарды) шешетін шарт жасасуға қол жеткізуі мақсатында бейтарап тұлға – медиаторды тарту арқылы тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі». Яғни, дауласушы екі тарап сотқа жүгінгеннің орнына, кәсіби делдалға жүгінеді, ол арызданушыларды тыңдап, проблеманы шешудің оң жолдарын ұсынады.   Осы дауларды (дау- шарды) баламалы түрде шешу жүйесі көптеген өркениетті елдерде және қазіргі құқықтық инфрақұрылым құруға ұмтылған  мемлекеттерде белсенді дамуда әрі жиі қолданылуда.

Медиацияның артықшылығы сот шығындарына қарағанда қаржылық шығынды азайту, уақытты үнемдеу, сондай-ақ оның құпиялығы.   2011 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданды, бұл Заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайды.   Ең әуелі осы Заңға сәйкес медиатор дегеніміз не, соған тоқталсақ: медиатор – осы Заңның талаптарына сәйкес кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (дау-шарлар) медиацияның қолданылу саласы болып табылады.

Көрсетілген қатынастардан туындайтын даулар (дау-шарлар), егер медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың мүдделерін қозғаған немесе қозғауы мүмкін болған жағдайда, мұндай дауларға (дау-шарларға) медиация рәсімі қолданылмайды. Сондай-ақ, тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларға (дау-шарларға); сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша медиация рәсімі қолданылмайды. Дауды (дау-шарды) шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу, тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету медиацияның мақсаттары болып табылады.

Медиация еріктілік, медиация тараптарының тең құқылығы,
медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік, құпиялық  қағидаттары негізінде жүргізіледі. Заңда медиаторлардың және медиацияны жүргізуді қамтамасыз ететін ұйымдардың құқықтық жағдайы көзделген.     

Медиаторлар ұйымдары - медиаторлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін медиацияны дамыту жөніндегі ортақ мақсаттарға қол жеткізуі үшін олардың ерікті негізде бірігуі үшін құрылатын коммерциялық емес ұйымдар.

Медиаторларға қойылатын талаптар нақты реттелген. Бұл - тәуелсіздігі, бейтараптылығы, жеке тұлға ісінің нәтижесіне мүдделі еместігі.  Медиатордың қызметі кәсіби негізде (кәсіпқой медиатор) және кәсіби емес негізде (қоғамдық медиатор) жүзеге асырылуы мүмкін.

Ағымдағы жылдың өткен кезенде Ақмола облысының Біржан сал аудандық сотымен 3 қылмыстық, 17 әкімшілік және 25 азаматық іс медиация тәртібі қолданып, іс бойынша өндірістер қысқартылды.

Сонымен қатар медиацияны насихаттау, оның қолданылу аумағын кеңейту мақсатындағы жұмыстар жүргізу белсенді түрде жалғаса береді.

 

Ақмола облысының

Біржан сал аудандық сотының

кеңсе меңгерушісі Нүрилә Берсүгірова

Автор: Олег

Похожие матриалы по тегу

Предыдущий материал

РАЗВОД НА ДЕНЬГИ или как мошенники играют на доверии

Следующий материал

Как подчиненных Виктора Золотова связали с Шакро Молодым

Коментарии (0)