Сөйлеп тұрған адамның ымдап, қол сермеуін, тұрған қалпын қаншалықты өзгертетіндігін байқағандарың бар ма? Сөйлеуге бала кезден үйретеді, ол әр түрлі ымдау, сөйлеу барысында тұрған қалпын өзгерту, бас, қол қимылдарын жасауды ешкім арнайы үйретпейді, ол есею барысында өзінен-өзі қалыптасады. «Оның айтқан сөзі мына жерде тұр ғой» деген сөйлемнің мағынасы түсінікті ме? Әрине толығынан түсініксіз. Қай жерде деген сұрақ қойылуы тиіс. Ал сол сөзді айтушы қолымен жүрек түсын көрсетсе, онда айтылған сөзден — айтушының біреуге өкпелі екендігін түсінеміз. Қазақ тілінде белгілі бір ымды, қол қимылдарын білдіретін тұрақты сөз тіркестері көп, олардың көбі фразеологизмдерге айналып, адамның көңіл-күйін -қуаныш, реніш, таңдану, немқұрайдылық, ризашылық, өкпе, т.б. сезімдерді білдіреді. Мысалы, басын салбырату, басын шайқау, басын көтеріп алу, қолым бармайды, қолын жаю, қолын сілтеу, қол созу, мұрынын шүйіру, ернін сылп еткізу. Шешендік өнердің теоретиктері әр уақытта ым, қол сермеу, басқа да дене мүшелерінің қимылы арқылы айтылған сөздің мән-мағынасын, тыңдаушыға ететін әсерін күшейту қажеттігін әр уақытта атап көрсетіп отырған А.Ф.Кони өзінің «Лекторларға кеңесінде» былай деп жазады: «Ым, түрлі дене мүшелерінің қозғалысы сөзді жандандырады, бірақ оларды саңтықпен пайдалану қажет. Мәнерлі қимыл (көтерілген қол, жұмылған жұдырық, кенет әрі тез қимыл, т.б.) айтылған тіркес пен жеке сөздің мағынасына сай болуы керек. Жиі, біркелкі, сасқалақ қимылдар жағымсыз әсер етеді, кісіні жалықтырып, мазасын алады».

Цитатадан көрініп тұрғандай ым, ишара, түрлі дене мүшелерінің қимылдары айтылған сөздердің мазмұн-мағынасын анықтай, күшейте түседі, оны тез түсінуге жәрдемдеседі. Сонымен бірге барлық ишара, қимылдар жағымды әсер ете бермейді. Егер сөйлеуші құлағын, мұрнының ұшын қайта-қайта ұстап, галстугін он қайтара жөндесе, т.б. қажетсіз ңимыл-әрекеттер жасаса мұндай қимылдар механикалық, яғни еріксіз деп аталады. Еріксіз ым-ишаралар, қимылдар тыңдаушылардың көңілін алаңдатады, сөзді тыңдап, мағынасын түсінуді қиындатады. Көбінесе мұндай құбылыстар сөйлеушінің өзіне-өзі сенбеу салдарынан, толңу әсерінен болады. Атқаратын қызметіне байланысты ым-ишара, қимылдар ырғақты, сезімдік, көрсетуші (нұсқаушы), мәнерлеуші және бейнелеуші болып бірнеше топқа бөлінеді.

Similar Posts

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *