Аудиториямен байланыстың бар-жоғын кері байланыс каналдарын пайдаланып, тыңдаушылардың жай-күйіне ңарап білуге болады. Сөздің нәтижелілігі көбінесе сөйлеушісінің осы байланысты орната алуына тікелей байланысты. Оны біз тыңдаушылардың баяндалып отырған ақпаратты қалай қабылданғанынан көреміз: олардың бет-әлпеті, эмоциялық «толқындар», шешеннің қойған сүрауына берілген жауаптар — міне, мүның барлығы да кері байланыстың көріністері. Олар шешенді өз іс-әрекеттеріне, баяндау мәнеріне, т.б. түзетулер енгізуге мәжбүр етеді, яғни оның монологын өзімен тыңдаушылар арасындағы диалогке айналдырады. Егер кері байланыс сөздің сәтті екендігіне куөлік берсе, онда шешен өз сөзін белгіленген жоспар бойынша онан әрі жалғастыра беруі керек. Аудиторияның нашар көзқарасын сезген жағдайда шешен өз сөзін түбегейлі өзгертіп, сәтті шығатындай етуі керек.

Шешен сөйлеп түрғанда біреулер есінеп, біреулер өзара сөйлесіп, ыржаңдап немесе бірдемелерді айқайлап, ал кейбіреулері залды тастап кететін де жағдайлар кездеседі. Бүл жерде «Жағымсыз жауаптардың» барлығына шешен кінәлі деп қорытынды жасауға болмайды және оларды жеке басын қорлағандық немесе сөзді сыйламағандық деп қабылдауға болмайды. Залдан ерте кетушілердің белгілі бір себептері болуы мүмкін (біреудің дәрігерге баруы керек; біреу балабақшаға асығып отырған болуы мүмкін; біреу теледидар жөндейтін шебер шақырып қойған шығар, т.б.).

Егер тыңдаушылардың біреулері қалғып отырса, оған ашулануға немесе одан сасуға болмайды. Әр нәрсенің өзінің себебі бар. Сондықтан да олардың адресіне ңатты, не мысңыл сөз айтуға болмайды, ол ңалған тыңдаушыларға кері әсер етеді. Одан гөрі сөзін жандандырып, түрлі жаңа, ңызыңты мысалдар фактілер келтіріп, күлкілі жағдайларды айтып, аудиторияны сергіту керек. Аудиториядағы сөздердің шығу себебі — мүмкін бүрынғы шешен бүл мәселе туралы ңарама-ңарсы пікір айтңан, немесе тыңдаушылар алғашңы әсерлерімен бөлісіп жатқан шығар, болмаса сәтті келтірілген ақпаратты әңгімелеп жатқан шығар. Егер кейбір тыңдаушылар сөз сөйлеуге әдейі, ңасаңана бөгет жасап отырса, онда оларға әңгіменің тақырыбы мен оны баяндаудың маңыздылығын айтып жалпы аудиторияның беделін алға тартқан тиімді.

Залдан айтылған қағытпа сөздерді естіген шеіпен оған тез баға беруі керек. Бұл қағытпа сөйлеушінің мақсатына жетуіне қаншалықты кедергі жасайды. Осы бағалауға байланысты ол қағытпа сөзді ол тіпті елемеуге, не бірден, болмаса реті келген жерде оған байсалды түрде жауап беруі керек. Тек үсаң-түйек немесе ретсіз қағытпа сөздерді ғана елемеуге болады. Егер тыңдаушы оны қайталаса, онда оған осы туралы «өзінің не ойлайтынын» айтуды үсыну керек. Егер қағытпа сөз шешеннің ойынша, қозғалған мәселені шешуге белгілі мөлшерде себеп болатын болса, онда оны сол арада қарастыру керек, не сөздің тиісті жерінде оған қайтып оралатындығын ескерту керек. Бірақ үмытып кетуге болмайды. Егер тыңдаушының дөрекі қағытпасынан шешенді жаңылдырғысы, не абыржытқысы келетіндігі аның көрініп тұрса, дереу қарсы шабуылға шығып өткір тілді, тапқыр, күтпеген сөздермен айтылған қағытпаға жауап беру керек, әрине, бүл жерде намысқа тиетін, дөрекі сөздерге баруға болмайды. Сонымен, егер шешен аудиториямен байланыс орнатса, оны сөз біткенше сақтауы керек. Тәжірибелі шешен әр сөйлеген сайын өзін тыңдаушының орнына қоя біледі. Бұл оған аудиторияның көңіл-күйіне ықпал жасап, қажетті жағдайларда оны өзгертуге мүмкіндік береді. Аудиторияның ықыласын қалпына келтіру немесе күшейту үшін әр түрлі тәсілдер қолданылады. Солардың бірқатарын қарастырып көрелік.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *