Ауызша тілдің дағдыларын дамыту тәсілдері мен әдістері өткен тарауларда монологтық сөзге қатысты қарастырылған болатын. Ал, сөздік қатынастардың мақсаты — ол ақпаратты тасымалдау — бір адамнан екінші, адамға жеткізу деп айтып кеткенбіз. Мақсатына, міндеттеріне, әріптестердің ңатынас барысындағы рөлі мен жағдаяттарға байланысты (оңулыңтың бірінші бөлімін қараңыз) олар алуан түрлі болып, әр түрлі жағдаяттарда іске асады. Тәжірибеде тілдік, сөздік әрекеткөбінесе диалог (екі адамның әңгімелесуі) және полилог (көп адамның әңгімелесуі) түрлерінде өтеді. Қатынас процесі, адамдардың өзара қарым-қатынас жасауы — бұл қарапайым құбылыс емес. Сондыңтан да ңатынас процесінде адамдардың мінез-құлқы, әр түрлі тәсілдер мен әдістері, тіл құралдарын ңолдануы әрбір наңтылы жағдайларда өтетін қатынас түріне байланысты болады. Осы ңатынас түрлерінің ішінен күнделікті түрмыстың және іскерлік әңгімелерді, сөйлесулерді атап көрсетуге болады, олар адамдардың күнделікті тіршілігі, жұмыста, отбасында, қызмет бабындағы міндеттерін атқаруда, өндірістік, т.б. мәселелерді шешуде қолданылады. Сөз жоқ, бұл қатынас түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, бір-біріне тәуелді. Кейде олардың жігін аның ажырату мүмкін де емес. Отбасында, туған-туыспен, достарыңның арасында сөздік қатынас жасай білу дағдысы іскерлік, қызметтік қатынаста да пайдасын тигізеді. Керісінше, іскерлік қарым-қатынас жасай білу дағдылары үйде, көшеде, көпшілік орындарында пайда болған күрделі мәселелерді шешуге көмек болады. Осы курсты оқу барысында алдарыңызда тұрған міндеттерге сай біз сөздік қатынастың мынандай негізгі түрлерін ңарастырамыз: — тұрмыстағы, күнделікті сөйлесу; — іскерлік әңгімелер; — келіссөздер.

Тұрмыстық, күнделікті сөйлесу. Тек отбасында емес, сонымен бірге жүмыста, көшеде, көпшілік орындарда, ңоғамдың көліктерде, егер алыс сапарға аттансаң пойызда, біздер айналадағы адамдармен тілдік қатынастарга түсіп, сүрақ-жауап түрінде пікір алысамыз. Кейде ішкі сырларымызды аңтарамыз, тіпті «жол ңысңарсын, әңгіме айтыңыз» деп бір-бірімізге қолқа саламыз. Күнделікті түрмыстың әңгімелердің ерекшеліктері:- алдын ала  жоспарланбайтындығы; — қозғайтын мәселелер (жеке әлеуметтік-саяси, халықаралық, т.б. тақырыптардағы) мен қолданылатын тіл құралдарының көптүрлілігі; — тақырыптан тақырыпқа жиі ауытқып отыратындығы; — белгілі бір қойылған мақсаттың жоқтығы және ешқандай шешім қабылдаудың қажетсіздігі; — әңгімелесушілердің өзін-өзі таныстыруы; — сөздің қарапайым стилінің ңолданылуы. Тұрмыстың әңгімелердің кейбір ерекшеліктерін
қарастыралық. Мазмұнды, ғибратты әңгіме адамға ой салады, көңілімізді көтереді, әрі одан ләззат алады. Өкінішке орай, көптеген адамдар мағынасыз, былапыт сөздермен айналысып, таныстары, жолдастары туралы әр түрлі өсек-аяң айтып, уақытты бостан-босқа өткізеді. Әңгімеге араласушы адамдар әр түрлі болады. Біреулермен тіл табысу өте жеңіл болса, екінші біреулерден бір ауыз сөз тартудың өзі қиынға түседі.

Біреулерге бар сырыңды ай-туға болады, ал екіншілеріне бір ауыз сөз айтуға қорқасың. Сондықтан да әңгімелескенде көп сөзділік мазасыздыққа әкеліп соғады, ондай сөздер жалықтырады. Қанша сөйлеп, қашан, не айтуды білу аса керек дағдылар. Сенің сөзіңді тыңдамаса, әрине ыңғайсыз. Ал, сөзіңді аяқтамай жатып, екінші біреу сөзге араласса, екі кісі қосарлана, жарыса сөйлесе, одан да сорақы болады. Бұл бірін-бірі сыйлайтын кісілердің әңгімесі емес, базардағы айқай-шуға көбірек үқсап кетеді. Бүл жерде «өлеңді қосылып айтқан жақсы, сөзді жеке айтқан жақсы» деген мәтелді еске түсіресіз. Жүрт әңгімелесушінің қандай қасиетін бағалап, қандайына теріс баға береді? Бүл жерде де мақал-мөтелдер бізге жәрдемге келеді. «Ол сөзін жерге тастамайды», «Ол бір сөзді кісі», «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді», т.б.

Ал, білгіштік («оның бар нәрсеге жауабы дайын»), әңгімелеуші адамды түсінбеу және түсінуге әрекет жасамау, («кереңмен сөйлескендей») өз пікірін қолдап, қырсықтану («онымен тіл табысу өте қиын»), әңгімесінде ешқандай мағынаның болмауы («мен бас десем, ол құлақ дейді»), сөзінің, пікірінің қарама-қайшылықтары («мен бір ауыз сөз айтқанша, ол он ауыз сөз айтып үлгерді») — міне мүның барлығы өзара әңгімелесу кезінде аса қажетсіз қылықтар. Кейде сөз таласқа, талас төбелеске айналып кететін де жағдайлар болады. Мақал-мәтелдер әңгімелесу барысында ұстамдылықты, ойланып сөйлеуді, әріптесіңді сыйлау қажет екендігін атап көрсетеді.

Іскерлік әңгімелесулер. Іскерлік әңгімелесу — бұл белгілі мәселені шешуге арналған көзқарастарды, пікірлерді, ақпараттарды алмасу түрінде өтетін адамдар арасындағы сөздік қатынастардың бір түрі. Іскерлік әңгімелесу көптеген адамдардың өмірінде елеулі орын алады. Себебі өндіріс пен еңбек үжымының өміріне байланысты мәселелерді, қызметтік және лауа-зымдық міндеттерді орындау, әр түрлі іскерлік келіссөздер жасасу, шешімдер қабылдап, қүжаттар тізу, т.б. күнделікті әрекеттер тек іскерлік өңгімелесу арқылы жүзеге асырылады. АҚШ-та президент Рейганнан кейін екінші рейтинг иесі болған Ли Яккока іскерлік әңгімеге баса назар аударған: «Екі-үш әңгімелесушінің өзара өсері аса жемісті болуы мүмкін және ол менің жеке басымның табыстарын-да аса зор рөл атқарды. Міне, сондықтанда мен менеджерлердің ауық-ауық өзара бас қосып, әңгімелесіп түрғанын қызу қолдаймын, бүл міндетті түрде ресми кездесулерде ғана емес, сонымен бірге өзара пікір алысып, әңгімелесуге ешкім бөгет жасай алмайтын жай серуен кездерінде де болуы мүмкін». Іскерлік әңгіменің ерекшеліктері неде? Іскерлік әңгіме — ресми-іскерлік салада сөздік және сөздік емес (сілтеу, ым, ишара, мінез-құлық көріністері); құралдардың көмегімен іске асатын тікелей өзара қатынас актісі.

Similar Posts

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *