Дене қызуы көтерілсе, қалай түсірген жөн және үй жағдайында емделген дұрыс па? Дәрігер кеңесі

Соңғы күндері Қазақстан қалалары мен елді мекендерінде дәріханаларда кезек көбейіп, инфекциялық ауруларға қарсы дәрі-дәрмекке сұраныс артқан. Әсіресе, Алматы мен Нұр-Сұлтанда дене қызуын түсіретін парацетамол, аспирин секілді дәрілер қат. Бұл жұрттың жаппай үй жағдайында емделе бастағанының бір дәлелі. Бұл дұрыс па?

Об этом сообщает РуссианГейт

Informburo.kz тілшісі инфекционист дәрігер Динагүл Баяшевадан адамның дене қызуы көтерілгенде не істеу керегін және вирусқа қарсы дәрі-дәрмекті қандай жағдайда қолдану қажет екенін сұрап білді.

Оқи отырыңыз: #ҮйдеОтырыңыз. Карантин талаптарына қатысты 20 маңызды сұраққа жауап

Адамның ыстығы көтерілуі – оның ағзадағы инфекциямен күресуінің белгісі. Кез келген жұқпалы ауру кезінде адамның дене қызуы жоғарылайды. Коронавирус та вирустық инфекция болғаннан кейін оның басты симптомдарының бірі – дене қызуының көтерілуі болып табылады. Бірақ, бұл симптом байқалса, үрейге салынып, дәрі-дәрмек қабылдауға асығудың қажеті жоқ.

"Дене қызуы 38 градустан жоғары болмаса, дәрі ішіп дүрлікпеген дұрыс. Оның орнына көп мөлшерде сұйықтық, яғни су не шай ішіп, көбірек ұйықтап, демалған жөн. Ағзаның вируспен күресуі үшін артық күш жұмсамау керек. Ол үшін нәрлі тамақ жеген пайдалы. Бұл жағдайда адамның ары кетсе 5-6 күн ауырып, аяққа тұрып кетуіне мүмкіндік мол", – дейді Динагүл Баяшева.

Инфекционист адамның ыстығы қайтпай, 38,5 градустан асып, 39-ға жетсе, буын-буындары сырқыраған жағдайда ғана парацетамол, ибупрофен секілді дене қызуын түсіретін дәрілерді қолдануға кеңес береді. Бірақ, бұл дәрілердің тек дәрігер қабылдауында болып, соның рұқсатымен ғана ішкен жөн.

Оқи отырыңыз: Иммунитеті мықтыға коронавирус қауіп емес. Оны қалай нығайтамыз?

Парацетамол дозасы – 4 сағат сайын бір ғана таблетка (500 мг). Бұл дәріні мөлшерден артық ішу – бауыр жұмысына зиян. Парацетамолды ішкен соң су ішіп, жатып демалу керек. Ақырындап ыстық түсіп, дене температурасы қалыпты деңгейге келе бастайды. Кішкентай балаға парацетамолды салмағының әр келісіне 10-15 миллиграмнан есептеп ішкізу керек.

"Бірақ қазір құрамында парацетамол бар дәрілер көп. Мысалы, "Тайлол", "Терафлю" секілді неше түрлі дәрінің құрамында парацетамол бар, сол есте болуы керек. Мөлшері көп болып кетсе, тағы да бауырға зиян. Аспиринді де 4 сағатта 500 мг артық ішуге болмайды, өйткені адамның қанына зиян келтіруі мүмкін", – дейді дәрігер.

Адамдар парацетамол мен аспириннен бөлек "амизон" мен "арбидолды" да жаппай сатып алуда. Алайда Динагүл Баяшева бұл дәрілерді температураны түсіру үшін қолдануға болмайтынын айтып, абай болуға кеңес берді.

Оқи отырыңыз: Сіз білуіңіз қажет! Covid-2019 коронавирусынан сақтану шаралары

Ыстықты түсіру үшін денені жануардың майымен сылайтындап көп. Алайда дәрігер мұндай әдістің ағзаға керісінше зиян екенін айтып отыр. Оның сөзінше, бұл емнің ешқандай дәлелі жоқ, сондықтан қолдану дұрыс емес.

Ал коронавирус анықталған, бірақ симптомы жоқ адамдар ешқандай дәрі ішпеуі керек. Оқшауланып, инфекцияны басқаларға жұқтырмауға тырысуы қажет. Инфекционистің сөзінше, олар тасымалдаушы ғана, яғни дені сау болғанықтан, мүлде дәрі ішпегені дұрыс.

23 маусымда Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров дәріханалардағы вирусқа қарсы препараттардың жетіспеушілігі туралы түсініктеме беріп, тұрғындарды тек дәрігерлердің нұсқаулығы бойынша ем қабылдауға шақырды.


Источник: “https://informburo.kz/kaz/dene-yzuy-kterlse-alay-tsrgen-zhn-zhne-y-zhadayynda-emdelgen-drys-pa-drger-kees.html”

Автор:

Tags

Похожие матриалы по тегу

Предыдущий материал

Что будет с погодой в июле? Укргидрометцентр дал прогноз

Следующий материал

Covid-19 эпидемиясы кезіндегі жүктілік. Ана мен бала денсаулығын қалай сақтауға болады?

Коментарии (0)