Магжан Жумабаев. «Кто Я?»

Кто я?

Лев я – кто выдержит меня во гневе,
Тигр я – кто выйдет против меня первым,
На небе – туча, и на земле — цветок,
И уходящий в степь я вольный ветерок!

Я – солнце в небе, рассыпающее лучи,
От космоса в руках держу ключи,
И я бескрайний, черный океан –
Гоню, волнуясь, волны к берегам.

Я – огонь, смотри, не обожгись,
Я – тулпар, что пыль вздымает ввысь,
Золой пусть станет небо, провалится земля —
Увидев краем глаза, лишь усмехнуся я!

Я – не умру, и мое – не умрет,
Толкует лишь невежда о смерти наперед,
Я – царь, я – бий, и сам себе судья —
Кто ж будет требовать грехи с меня?

Я сам – Тенгри, и Бога чту в себе,
Мой стих – Коран, и откровение во мне,
Миров Творец и Разрушитель — я,
Невежды, эй, — я ваша смертоносная Судьба!

Арон Атабек,
19.06.2005

ҚР-ның Президентіне;
ҚР-ның Парламенті мен Үкіметіне;
ҚР-ның БАҚ жетекшілеріне;
Қазақстан Халқына

Ү Н Д Е У

Тәуелсіз Ел болғанымызға 13 жыл толды. Біз дұрыс және рухымызға сай мемлекеттік белгілерін таңдай білдік. Мысалы, Көк Түріктің көк байрағын алдық, Ол: «Қорқыныш пен күйбең тіршілік үстінен Қырандай самға; адамға Күн Сәулесін сыйла; Мәңгі Көк Тәңірмен бірге бол» — деп, тіл қатып тұрған сияқты.
Өкінішке орай, отарлықтан кейінгі сапасы толық еместік сезімінің («комплекс неполноценности») салдары әлі де өшкен емес. Айтайық, біз әлі де өз өзімізді «казах» (орысша) деп атап жүрміз – ал ежелгі дұрыс атаумыз бойынша біз «қазақ» (қазақша) немесе «казак» (орысша) емес пе едік!
«Казах» деген теріс атау қойған бізге бұрынғы «үлкен ағамыз» екені белгілі. Оның себебі – ресей және украиналық «казак-тармен» шатастырмау үшін. Айтпақшы, олар да түркі халықтың тұқымдары екені баршамызға аян, және олар өздерін «казáки» емес – «казаки́» деп атайтыны мәлім ( екпін белгісі соңғы буында).
Ал, «казак» деген сөздің мағынасы орыс тілінде де, қазақ тілінде де бір, ол: «азат, еркін, бостандықты сүйгіш адам»! Бұған қоса, «Каз-Ак» — бұл «Ақ Қаз», содан кейін «Ақ Құс» немесе «Ақ Қу» екені тағы да бар («Ақ Қаз» немесе «Киелі Қаз» — қазақтың ежелгі, Қасқыр-Бөрімен қатар, тотемдерінің бірі !).

Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған,
Сахара-көлге қонып салқындаған,
Бір өртке қаудан шыққан душар болып,
Не қалды тәнімізде шарпылмаған!?

— деп, қазақ халқының жан сырын қазақтың ұлы ақыны А.Байтұрсынұлы осылай суреттеген.
Сондықтан, өз өзімізді «казах» (дұрыстау, бәлкім – «хасах» болар ме еді!?) дей тұрып, біз өз аруақтарымызды қорлап, өзіміздің «казак» — «азат, еркін, бостандық сүйгіш адам» ретінде де, «Күн Сәулесінің және ең құдыретті Аспан-Тәңірдің ұлдары» ретінде де – «Ақ»( «Ак») киелі сөзбен айқындалатын тылсым Жан Дүниемізге қарсы шықпаймыз ба!?
Айтайық, ағылшынша бүкіл Өркениетті Әлем бізді дұрыс сөзбен атап жүр – «kazak»! Және мұнда үлкен символикалық мәнісі бар, себебі бұл сөз солдан оңға да, оңнан солға да бірдей оқылады – ал бұл біздің Батысқа да, Шығысқа да ашығымызды білдіреді. Эзотерика («құпия») ілім бойынша, адам атының бір хәріпі теріс аталса – бұл адамның тағдыры да сондай-ақ теріс шығуы да мүмкін. Ал, бүткіл халыққа келгенде – бұл аса қауіпті жағдай екеніне дау жоқ!

Тәкәппар эстондар, тәуелсіздікке қолы жеткен бойда, бүкіл Әлемді өз астанасын эстонша («Таллинн») жазуға мәжбүр етті ( сөз соңындағы екінші «н» әріптің мәнісі болмаса да!). Бұл – Тылсым Дүниенің заңдарын сыйлау деген сөз. Ал «казах» деген теріс атауының кесірінен біздің Мәңгі Көк Тәңірінің ұлдары ретіндегі Аспандық, Азаттық және Универсалдық рухани Негізіміз бұзылуда!
Сондықтан, біздің Ұсынысымыз:
Бұдан былай «казах» сөздің орнына «казак» («қазақ») сөзін қолданып, «Казахстан» деген Еліміздің атын «Казакстан» атауымен алмастыру! Сол үшін БАҚ арқылы осы ұсынысты жан-жақты талдап, мемлекеттік деңгейде тиісті Шешім қабылдау!
Ұлы Даланың менталитетін және азат өмірдің үлгісін айқын суреттейтін осы атау («казак») бүкіл қазақстандықтарды ортақ Даланың еркін ұлдары ретінде саналы түрде бірігуіне және өз ішкі болмысын тану үшін символикалық белгі ретінде қызмет атқаруына мүмкіндік алады деген ойдамыз.
Тізе бүккен аянышты халімізден көтерілетін кез келді, ағайын! Ұлы Халықтың аты осы Ұлы Халықтың жан дүниесіне лайық болу керек! Андерсен ертегіндегі «жиренішті үйрек балапаны» аса мейірімді һәм мәртебелі « АҚ-ҚАЗ» немесе «КАЗ-АК» («ҚАЗ-АҚ») кейпінде аспанға самгауы керек!

Құрметпен
Қазақстан Республикасының азаматтары –
Нұрлан Әмреқұлов – философия ғылымының докторы,
Геннадий Беляков – Жетісу казактар қауымдастықтың атаманы,
Арон Атабек – ақын,
Асель Жансен – түрколог,
Муратбек Ишаев – тарихшы,
Валерий Скляров – «Православие азаматтары Одағының» өкілі
Алматы, мамырдың 3 жұлдызы, 2005 жыл

Автор: Олег
Предыдущий материал

Магжан Жумабаев. «Пророк»

Следующий материал

Много врачей, много анализов, ЭКГ, все в разные дни, в разных филиалах

Коментарии (0)