Шахмат ойнағанды жақсы көретіндер арасында онлайн турнир өтеді

Шахмат ойнағанды жақсы көретіндер арасында онлайн турнир өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Қазақстанның шахмат федерациясы Халықаралық шахмат федерациясының Checkmate Coronavirus бастамасына үн қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Об этом сообщает Русский репортер

Бұл жайында федерацияның Facebook парақшасында жарияланды.

Ыедерацияның мәліметінше, бұл бастама карантинге байланысты үйінде қамалып отыруға мәжбүр болған барша шахматсүйер азаматтарға шығармашылық әлеуетін көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бүкіл әлемге осындай қысылтаяң шақта бірлік пен ынтымақ идеясы бәрінен маңызды болып қала беретінін көрсетеді.

«Жоба қатысушылары 2021 жылы Мәскеуде өтетін Бүкіләлемдік Шахмат Олимпиадасына 64 шақырту жеңіп ала алады. Бұл шақырту Олимпиада қонақтарының бүкіл шығынын жабады. Оның үстіне, шахматшылардың сувенир, шеберлік сағатына билет, гроссмейстермен мини-матч секілді 1500 сыйлықты жеңіп алуға мүмкіндігі бар» делінген хабарламада.

Аталған бастама аясында 16 маусым күні chess.com платформасында шахмат сүйетін барша азаматтар үшін онлайн турнир өтеді. Шара кешкі сағат 18:00 кезінде басталады.

Тур саны — 9. Тіркеу сағат 17:00-де басталады. Турнир «Kazakhstan Chess Federation» онлайн клубында өтеді.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/shahmat-oynagandy-zhaksy-koretinder-arasynda-onlayn-turnir-otedi_a3661532”

Автор:

Похожие матриалы по тегу

Предыдущий материал

Названы сферы, в которых зарплаты россиян изменятся в пандемию

Следующий материал

В ЕС подписали соглашение на закупку 400 млн доз вакцин от COVID-19

Коментарии (0)