Notice: Undefined variable: all_menu_cats in /var/www/gramotey/data/www/gramotey.com/modules/menu.php on line 54

Notice: Undefined offset: 4 in /var/www/gramotey/data/www/gramotey.com/include/post.php on line 436
ATF24 МОБИЛЬДІ БАНКИНГІ АПРЕЙДІ :: ГРАМОТЕЙ - платформа народной журналистики

ATF24 МОБИЛЬДІ БАНКИНГІ АПРЕЙДІ

ATF24 МОБИЛЬДІ БАНКИНГІ АПРЕЙДІ

ATF24 МОБИЛЬДІ БАНКИНГІ АПРЕЙДІ

 

2019 жылғы 25 қарашада АТФБанк жеке тұлға клиенттеріне қашықтан банктік қызмет көрсету үшін интернет-банкингтің жаңа нұсқасын іске қосты. ATF24 жаңа нұсқасы – ол «ақылды» технологиялар, UX/UI-дизайн, бір-екі басқанда жасалатын операциялар, сонымен қатар мырғаулар және шынайы ақшамен 6% дейін жоғары кэшбэк алу мүмкіндігі. Бүгін интернет-банкинг және мобильді қосымшалар күнделікті тіршілік тынысына айналды. Бұл сервис қосымша болуды бұрыннан тоқтатқан – оның ыңғайлылығы мен функционалдығына қатаң түрде клиенттер баға береді және ол банк таңдауын анықтап береді.

«Клиенттердің қажеттіліктерін дөп басатын, сонымен қатар кемшіліктері аз жақсы өнім шығару үшін ATF24 ашық бета-нұсқасы шығарылды. Қосымшаны тестілеуге оған қатысу үшін келісім берген банк қызмепткерлері мен клиенттер пайдаланды. Біз командамызбен клиенттердің пікірлері мен олардан болған кері байланысты бақылап отырдық. Нәтижесінде, біздің клиенттер бета-тестілеу барысы даулы мәселелердің бірі – жиі жасалатын төлемдер мен аударымдарды басқару керек пе жоқ па деген мәселе бойынша оң шешім шығаруға көмектесті», - деді ATF24 әзірлеушілер тобының бастығы, Дмитрий Привалов.

Сервистің жаңа нұсқасын әзірлеу барысында интерфейс толықтай жаңартылған, оның клиенттер үшін функционалды, қарапайым және ыңғайлы болуына ерекше назар аударылды. Енді «ATF24» әр клиент үшін дербес және барлық қажетті операциялар 1-2 басқанда қолжетімді болады.

Сонымен қатар, енді әзірлеушілер ATF24 үшін арнайы «енгізген» анимациялық көмекші – Алан арқылы мобильді банкинг бұрынғысынан мейірімдірек бола түсті. Оның міндеті – клиетті барлық жасалған операциялар туралы хабардар ету, банкпен байланысты барынша еркін және жайлылық жағдайында өткізу болып табылады. Енді «аударымыңыз орындалды» ресми терезесі орнына бұлттарда ұшып жүретін Алан «ақшаңыздың жолда екендігін» хабарлайтын болады.

Онлайн-банкинг сонымен қатар, басқа да артықшылықтарға ие. Олардың қатарында sms енді push-up хабарламаға ауыстырылған – банк және клиент арасындағы қарым-қатынаста ұялы байланыс операторына деген қажеттілік болмайды. Бұны шетелге тұрақты түрде жиі шығатын, бірақ роуминг қызметіне жүгінбейтін клиенттер жоғары бағалайды. Интуитивті түрде түсінікті навигация және үздік UX/UI дизайнында жасалған жаңа интерфейс пайдаланушылардың «жоғалып кетуіне» жол бермейді.

ATF24 әзірлеушілер командасы үнемі қазақстандық нарықта болсын, сондай-ақ одан тыс жерлердегі әртүрлі қосымшалардың пайдаланушылық тәжірибесін зерттеп келеді. Осылайша, олар «Product backlog» пайда болған табысты шешімдерді назарға алды.

Жаңартылған сервисті қолдау үшін банк №1 вертикалды картасын ұстаушыларға және барлық ATF2 жаңа пайдаланушыларына карта бойынша кэшбэктерді аударудың көп деңгейлі жүйесінде өзінің сыйақы мөлшерлемесін 6% көтеру мүмкіндігін ұсынды.

Дмитрий Паловтың сөзіне қарағанда «болашақта функционалды мүмкіндіктері арта түсетін болады. Мысалы, осы жылдың соңына дейін QR-код бойынша төлем жасау жиілейді. Ал келесі жылы пайдаланушыларды жалпы     Қазақстан үшін бірегей болатын қызықты жаңа функциялар күтетін болады. Алайда, кез келген жаңалықтың басты артықшылығы оның пайдаланушылар үшін оңай әрі ыңғайлы болуында».

АТФБанктің интернет-банкингінің жаңа нұсқасында клиенттерге тәуліктің кез келген уақытында қажетті операцияларды жасау, Android жүйесін пайдаланушылар үшін ATFPay, ал iPhone үшін Apple Pay көмегімен төлем жасау, сонымен қатар басқа да банктік қызметтерді жасауға мүмкіндік беретін барлық негізгі қызмет түрлері бұрынғысынша қолжетімді болып қала бермек

Қазіргі таңда ATF24 тіркелген пайдаланушылардың саны 400 мың адамнан асады. Жүйені бұрын пайдаланған клиенттер үшін бұрынғы логин және пароль бұрынғысынша қолжетімді болып қала бермек. Қосымшаны App Store және Play Market арқылы жүктеп алуға болады.

 

 

«АТФБанк» АҚ (бұдан әрі - Банк) активтерінің мөлшері бойынша Қазақстандағы ірі банктердің бірі болып табылады. Банктің негізгі акционері 99,76% мөлшеріндегі акция пакетімен - «KNG Finance» ЖШС. 20 жылдық тарихы және қазақстандық және шетелдік құрылымдармен ынтымақтастықтың бай тәжірибесі арқылы Банк өзін банктік қызметтер саласындағы беделді ойыншы ретінде таныта білді.

Банк әмбебап профильді дамытып келеді және банктік қызметтердің барлық спектрін көрсетуде: корпоративті клиенттрге, бөлшек клиенттерге; шағын және орта бизнес субъектілеріне; Private Banking клиенттеріне. Банктің Қазақстанның барлық облыс орталықтарында орналасқан 18 филиалы және кеңінен қамтылған бөлімшелері мен банкоматтары бар.

 

«АТФБанк» АҚ Баспасөз орталығы

+7 (727) 258 3 000 (іш. 1447), pr@atfbank.kz, atfbank.kz

Автор: Олег
Предыдущий материал

Обезглавленный труп мужчины в женской одежде нашли на путях в Чите

Следующий материал

Юрий Моша: Выдвижение Блумберга - в 77 лет жизнь только начинается?

Коментарии (0)