Қорғау нұсқамасын бұзу.

Қорғау нұсқамасын бұзу.

Қорғау нұсқамасын бұзу.

 

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық - отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабын және (немесе) психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі) болып табылады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы — тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілері жүзеге асыратын, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық шаралар кешені.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету үшін, оның тарапынан жаңа құқық бұзушылықтар жасалуының алдын алу және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары:

1) профилактикалық әңгімелесу;

2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау не қорғау нұсқамасын шығару үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды ішкі істер органдарына жеткізу;

3) қорғау нұсқамасы;

4) әкімшілік ұстау;

5) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары;

6) құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу;

7) әкімшілік жаза қолдану;

8) ата-ана құқығынан айыру не оны шектеу, бала (ұл, қыз) асырап алудың күшін жою, қорғаншыларды және қамқоршыларды өз міндеттерін орындауынан босату және одан шеттету, баланы патронаттық тәрбиешінің тәрбиесіне беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу;

9) іс жүргізудің мәжбүрлеу шаралары және қылмыстық процесте жәбірленушілердің қауіпсіздік шаралары;

10) сот үкімі бойынша қолданылатын шаралар болып табылады.

Жоғарыда айтылғандай , тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларының бірі қорғау нұсқамасы болып табылады.

Қорғау нұсқамасы жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік ұстауды жүргізу не Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабында көзделген тәртіппен ұстау үшін негіздер болмаған кезде ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметінің бастығы не оның орынбасары, учаскелік полиция инспекторы не кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторымен жәбірленушінің пікірін ескере отырып, шығарылады. Ол тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған не оны жасау қаупін төндіретін адамға орындау үшін қолхатпен беріледі. Жәбірленушіге оның құқықтары, сондай-ақ өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адам оны бұзған жағдайда құқықтық салдарлары түсіндіріле отырып, қорғау нұсқамасы шығарылған күні оның көшірмесі қолхатпен беріледі. Қорғау нұсқамасында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленушінің отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, оның еркіне қарамастан оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салынады. Қорғау нұсқамасы ол шығарылған кезде он алты жасқа толған, есі дұрыс адамға қатысты шығарылады. Қорғау нұсқамасының қолданылу мерзімі ол өзіне қатысты шығарылған адамға берілген кезден бастап отыз тәулікті, ал тексеру мерзімділігі күнтізбелік жеті күнде кемінде бір ретті құрайды.

Қорғау нұсқамасын бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 2018 жылдың өткен мерзімінде ҚР ӘҚБтК 461-бабы («Қорғау нұсқамасын бұзу») бойынша 10 тұлғаға қатысты 10 әкімшілік іс қаралған, олар бойынша 9 тұлғаға ескерту, ал 1 тұлғаға қатысты әкімшілік ісі құрамы болмағандықтан қысқартылған.

 

 

Көкшетау қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі

Қ.М.Мәгдиев

 

 

 

Автор: Олег
Предыдущий материал

Сканеры Интернета рассекретили интимные данные генералов Джеймса Мэттиса

Следующий материал

Новые назначения лейтенанта Баканова. Запойный алкоголик, пророссийский антимайдановец и партнер Семочко

Коментарии (0)