Қандай да бір ғылыми саланың пайда болуы өмірлік қажеттіліктерден туындайды. Қоғамның дамуы адамның тәрбиесі мен білімділігіне байланысты. Демек, қоғамның өзі тәрбие тәжірибесін жалпылауды, оқу-тәрбие мекемелерін жетілдіруді қажет етеді.
Мұндай қажеттілік адамзаттың тәрбие және білім беруге қатысты тәжірибені белгілі бір ережелер мен ақыл-кеңестер түрінде тұжырымдап, оларды келер ұрпаққа беріп отыруды талап етеді.
Бұл тұрғыдан педагогиканы — адамға әлеуметтік тәжірибені берудің тиімді жолдары мен өмір сүру іс-әрекетіне дайындау білімдері мен біліктері жиынтығы деп те қарастыруға болады.
Тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріп отыру адамзат қоғамы пайда болғаннан бастап, басқа қажеттіліктермен қатар қалыптаса бастады. Сондықтан тэрбие адамзат тэжірибесін бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беру ретінде анықталады. Тэрбие, адамның басқа да іс-әрекеттері сияқты, қоғамдық құбылыс болып табылады.
Алғашқы кезде педагогикалық ойлар жекелеген пікірлер, тұжы-рымдар сияқты өзіндік педагогикалық өсиет ретінде рэсімделді. Олар көбінесе мінез-құлық пен ата-аналар мен балалардың қарым-қатынастарына қатысты ережелер ретінде қалыптасты. Бұл ережелер мақал, мәтел, афоризм, қанатты сөздер түрінде ауызша ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырды. Ертегі, аңыздар, бесік жырлары, эзіл-сықақ, өлеңдер, жырлар — барлығы да халықтық педагогиканың негізін құрап, педагогика дамуының бастапқы кезеңін сипаттайды.
Тэрбиелік іс-әрекет сипаты қоғамдық дамуға байланысты өзгеріп, дамып, жетіліп отырады.
Тәрбие іс-эрекетіне қатысты алғашқы педагогикалық жалпылаулар табиғат, адам, қоғам жайлы білімдерді жинақтайтын философия саласында жасалды. Сондықтан педагогика ғылымы дамуының келесі кезеңі философтардың ой-пікірлерінің калыптасуымен тығыз байланысты. Тәрбиенің еуропалық жүйедегі бесігі ежелгі грек философиясы бо-лып табылады. Демокрит (б.з.д. 460-370 жж.) барлық білімдер саласы, оның ішінде тэрбиеге қатысты жалпылаулар негізінде еңбектер жазды. Мұнан соң педагогикалық мэселелер ежелгі грек ойшылдары Сократ (б.з.д. 469-399 жж.), оның оқушысы Платон (б.з.д. 427-347 жж.), Арис-тотель (б.з.д. 384-322 жж.) еңбектерінде адамның тәрбиесіне, оның тұлға ретінде қалыптасуына қатысты ойлар, пікірлер ретінде айтылды. Антикалық педагогикалық ойлардың өзіндік бір қорытындысы ретінде рим философы, педагог Квинтилианның (б.з.д. 96-35 жж.) «Шешендік білім туралы» («Об образовании оратора») атты трактаты шықты.
Бұл еңбектердің шығуы білім беру мен тэрбиенің қоғамдық да-мудың шарты ретінде оның объективті қажеттілігіне айналуын дэлелдейді. Осыған байланысты тәрбие мен білім беруді арнайы ұйымдастыру қажеттілігі де пайда болды. ?
Орта ғасырларда тэрбие мэселелері діни мағынадағы педагогикалық негіздегі идеялары бар діни-философтар еңбектерінде тұжырымдала бастады. Бұл кезеңде шіркеулік философтар Тертуллиан (б.з.д. 222-160 жж.), Августин (б.з.д. 430-354 жж.), теолог Фома Аквинский трактаттары жарык көрді.
Қайта өрлеу дэуірінің ерекшелігі феодализмнің ыдырап, буржуа-зиялық қоғам дамуы басталуымен сипатталады. Бұл дәуірдегі педа^ гогикалық ойлар италия гуманисі Виттория де Фельтре (1378-1446 ), испан философ педагогі Хуан Вивес (1442-1540 ), нидерланд ойшылы Эразм Роттердамский (1465-1536), француз жазушысы Франсуа Рабле (1494-1553), француз философы Мишель Монтень т.б. еңбектерінде ерекше педагогикалық идеялар түрінде берілді. Бұлар ортағасырлық схоластикалық жэне механикалық түрде жаттау негізіндегі білім беруді сынап, діни тұжырымдардан бас тартып, балаларға деген ізгі-лік қатынас жасауды негіздеді. Бұл кездегі педагогикалық ойлардың дамуына шығыс ойшылдары Конфуций мен Авиценна да өз үлестерін қосты. Конфуций «Оқу жэне оқығанды уақыт өткен сайын қайталау қажет» деген ой айтса, Авиценна «Сауығу кітабы» («Книга исце-ления») атты еңбегін жазған.
Тэрбиеге қатысты теориялар дамуына қарамастан, педагогика XVII ғасырдың басына дейін философияның бір бөлімі ретінде қарастырылды. Тек XVII ғасырдың басында ғана ағылшын философы, жаратылыстанушы Фрэнсис Бэкон (1561-1626) 1623 жылы шығарған «Ғылымдардың жетістіктері мен нығаюы туралы» («О достоинстве и увеличении наук») атты трактатында педагогиканы басқа ғылымдардан бөліп көрсетті. Ол алғаш рет барлық ғылымдарға жіктеу жүргізе отырып, педагогиканы жеке ғылыми білімдер саласы ретінде «оқуға жетекшілік ету» деп түсіндірді. XVII ғасырда педагогикалық ойлар озат педагогикалық тіжірибеден алынган мағлұматтарға негізделе бастады. Дидактика сөзі ең алгаш Еуропада неміс елінде қолданыла бастады. Мысалы, неміс педагогі Вольфганг Ратке (1571-1635) білім берудің мазмұндык ұғымын және сәйкес әдіснамасын жасап, педагогикалық зерттеулер критерийлерін аныктады.
Ал педагогиканың теориялық идеяларын гылыми тұжырымдаган чех педагогі Ян Амос Коменский (1592-1670) болды. Оның әлемдік деңгейде танылган «Үлы дидактика» деген еңбегінде оқу жұмысын ұйымдастыруға катысты теориялық мәселелер көтерілді. Оның мұнан кейінгі шыққан «Аналар мектебі» еңбегінде отбасылық тәрбиеге, балаларды кұлықтык тәрбиелеуге катысты көзкарастары гылыми тұжырымдалды.
Я.А. Коменскиймен қатар, XVIII гасырларда буржуазиялық педа-гогика дамуына үлес коскан кайраткерлер — Джон Локк. Жан Жак Руссо, Генрих Песталоцңи, Иоган Гербарт, Адольф Дистервег болды.
Джон Локкубала бойында туа біткен касиеттер болмайды, тэрбие аркылы ғана барлык нэрсені калыптастыруға болады» деп есептейді.
Жан Жак Руссо — керісінше, бала табиғаты өте жетілген, тэрбие-мен оган кедергі жасамау кажет деп, «еркін тэрбие» идеясын ұсы-нады.
Г.Песталоцци «XIX гасырда окытудың максаты — адамның адам-шылығын, барлық күштері мен қабілеттіліктерін үйлесімді дамыту» деп тұжырымдайды.
Иоган Гербарт «оқушы бойындағы жабайы теріс кылықтарды жазалау аркылы басып отыруы керек» деген ой айтқан. Гербарттың педагогикалықой-пікірлерімазмұныбойыншакарама-кайшылықтарға толы болды. Сондыктан оны педагогика ғылымын дамытушы да, ал кейбір көзқарастары бойынша кедергі келтіруші де деп көрсетуге болады.
Адольф Дистервег «табиғи жэне мәдени үйлесімділікті, өз бетін-ше жұмыс істеуді тәрбиенің негізгі принциптері» деп есепгеді. Табиги үйлесімділік деп оқушының туа біткен нышандарын ескеру, оны дамуға ұмтылдыру деп түсіндірді. Сонымен қатар ол тэрбие бала табиғаты ғана емес. сол уакыттагы коғамның мэдени деңгейімен де бірлестіріле жүргізілуі қажет деп түсінеді.
Ресейдегі педагогика ғылымы дамуы да бірнеше кезеңдерден тұ-рады. Оның бастауында Симеон Полоцкий (белорус). М.В. Ломоносов, Н.И. Новиковтұрады. Л.Н. Толстой өзінің шаруашылығында бастауыш мектеп ашып, «Азбука» жазып шығарды.
К.Д. Ушинский Ресейде тұтас дидактикалык жүйені жасады. Ол оқытуды демократияландыру қажет, әрбір адам тәрбие алуға кұқылы деп есептеді.
К.Д. Ушинскийдің көзқарастары:
«Егер педагогика адамды барлык жағынан тэрбиелегісі келсе, оны барлык жағынан білуі кажет». укМұғалім — жай мұғалім емес, психолог болуы керек».
«Тэрбие мақсаты — белсенді, творчестволық тұлғаны калыптастыру, адам іс-эрекеті жогарғы формасы ретінде дене жэне ой еңбегінде дайындау болып табылады».
К.Д. Ушинскиймен қатар, орыстың педагогикалык ойларының дамуына Н.И. Пирогов (1810-1881), В.И. Водовозов (1837-1909), Л.Н. Толстой (1828-1910), П.Ф. Каптерев (1849-1922), К.Н. Вентцель (1857-1947) жэне т.б. өз үлестерін косты.
Сонымен, ғылым ретіндегі педагогиканың қазіргі кездегі басты міндеті — адам тәрбиесіне катысты білімдерді жинақтау және жүйелеу болып табылады.
Педагогиканы дамыту көздері: адамдардың өмір сүру салтында, дэстүрінде, халықтык педагогикада берілетін көп ғасырлык практи-калық тәрбие тэжірибесі, философиялық, қоғамтану, педагогикалық жэне психологиялык еңбектері; өмір сүріп отырған элемдік және отандықтэрбие практикасы; арнайы ұйымдастырылған педагогикалық зерттеулерден алынған мағлұматтар, казіргі тез өзгеретін жағдайларға сэйкес ерекше идеялар, жаңа амалдар, тэрбие технологияларын ұсы-натын жаңашыл-педагогтер тәжірибесі.
Сонымен, педагогикағылымы мен практикасының дамуын бірнеше кезеңдерге бөліп қарауға болады. Педагогиканың ғылым ретінде дамуы:
I кезең — педагогикалық ойлардың пікір, тұжырымдардан құралған өсиеттер жүйесі ретінде калыптасуы; II кезең — педагогиканың философиялык ойлар негізінде калыптасуы (1561-1626); III кезең -педагогиканың ғылыми дэрежеге ие болуы (1592-1670); IV кезең -кэсіби педагогиканың калыптасуы; V кезең — казіргі педагогикалық ойлар жүйесінің қалыптасуы.
Педагогика практикасының даму кезеңдері; I кезең — сүт аналар мектебі; II кезең — өкіл экелер мектебі; III кезең — сауатты шеберлер мектебі; IV кезең — шіркеулік; V кезең — мемлекеттік; VI кезең -қоғамдық. Қоғам дамуы мен педагогика ғылымы мен практикасы дамуы арасында тығыз байланыс бар. Бұл байланысты 1-кестеден байкауға болады.

Similar Posts

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *