Орта ғасырлардағы Жапон қоғамындағы өзгерістер. Жер мәселесі. III — VІІ ғасырларда Жапония аралдарында алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, таптык қоғамға өту процесі жүрді. Б.з. I-III ғғ. Жапон аралдарына Оңтүстік Шығыс Азияның әртүрлі аудандарынан Рюкю, Тайвань, Филиппин арқылы көптеген миграциялық толқын жылжып отырды. Сондай-ақ Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігінен айнулардың (эбису) және оңтүстік монғолоидтық және малай-полинезиялық (аустронезиялық) тайпалардың, атап айтқанда кумасо (хаято) тайпасының қоныстанып, ассимиляциялануы нәтижесінде Ямато рулық қауымы пайда болды. Ертедегі жапондықтар Хонсю аралының оңтүстік-шығысы мен Кюсю аральшың солтүстік-батысында шоғырланды. Кейіннен Ямато рулық қауымының орталығы Кинай қүнарлы ауданына ойысты. Бұл жерде жапондықтар терімшілікпен (жеміс-жидектер мен теңіз азықтары), аңшылық, балық аулаумен айналысты. Көп кешікпей негізгі кәсібі егіншілікке көшті. Өсірілетін негізгі дақылы күріш Кореяның оқтүстік бөлігінен әкелінді. Күріш өсіру арқылы барлық қауым мүшелерінің ұжымдық еңбегін «қажет ететін суландыру жүйесі дамыды. Ирригацияны енгізу «суармалы егістіктер» көлемін арттырды.
III — IV ғғ. өндіргіш күштердің еңбек кұралдары мен еңбек өнімінІң өсуіне байланысты дамыған егіншілік рулық қауымды ыдырата бастады. Ру («удзи») ішінде әлеуметтік жік пайда болып, олар артықшылығы бар адамдар мен тең құқылы емес адамдар тобына бөлінді. Алғашқы топтағылар жақындары мен қолөнершілердентүскен еңбекөнімдерін иемденді.Бұл жағдай руаралық тартыстарға ұласты, нәтижесінде қоғамдық құрылые түбірінен өзгерді. Рулық қауымға жартылай ерікті, тең құқылы емес қауым мүшелері («бэ»), қолөнершілер мен қүлдар («яцуко») қосылды. Бүл топты Ш-Ү ғғ. Корея жарты аралына жапондардың жорығы кезінде тұтқындалған корейлер толықтырды. Осылайша рулық қауым құрамының кеңеюі — қандас туыстық байланыстарды күйретті, ал мүлік теңсіздігінің пайда болуы ақсақалдар мен ақсүйектерді басқа қауым мүшелерін қанауға жол ашты. Осылайша таптар мен мемлекеттің қалыптасуына негіз жасалды.
Жапониядағы алғашқы қауымдық құрылыс эволюциясының маңызды кезеңі ІV-V ғғ. тайпалық одактардың құрылуы болды. Қытай деректері бойынша V ғ. соңғы ширегінде елдің шыгысында «55 ел» (ру-тайпалық топтар), батысында 66 ел, солтүстіктегі теңіз бойында 95 елдің бірігуі аяқталған. Тайпалық одақтардың басында Ямато руы тұрды. Олар VІІ ғ. ортасына дейін ең күшті рудың басшысын, кейіннен тайпалық одақтың көсемін «император» терминімен атаған. Ол күн құдайы Аматэрасумен байланыстырылды. «Император» патриархальды билік жүргізді. Одан кейін әскери көсем, абызжэне сот қызметін қатар атқарды,
Егіншіліктің дамуы қауымдық меншіктің ыдырауы мен еңбек бөлінісіне және айырбасқа негізделген жеке меншіктің нығаюына жол ашты. Қауым мүшелері ақсүйектерге экономикалық тәүелділікке түсті. Жеке меншіктің негізі түрлері — «патша жерлері» — тайпалық одақтың басшысының меншігі кедейленген қауым мүшелерінің көмегімен өнделді. Сонымен қатар еріксіз адамдар өңцейтін ру-тайпалық ақсуйектердің жеке меншік жерлері болды. Феодалдық қатынастардың даму сатысына тэн міндеткерліктің үш тағаны: азықпен өтеу, қолөнер өнімдерінің салығы, суландыру, құрғату және құрылыс жұмыстарында еңбекпен өтеу енгізілді.
VІ-VІІ ғғ. қандас-туыстыққа негізделген қауым, ендігі жерде шаруашылық аймақтық байланыстар негізінде көршілік цауымга айналды. Мұнда ішінара жерді бөлу жұмыстары жүргізілді. Жеке отбасыларға бөлінген жер уақытша пайдалануға берілді. Шұрайлы қауымдық жерлер ру-тайпалык ақсүйектерге бөлініп, олардың жеке меншігіне өтті. Оларға кедейленген қауым мүшелерінен шыққан жартылай ерікті адамдар («табэ») жұмыс істеді. «Менікі» және «өзгенікі» деген үғымдар пайда болды. Алайда көптеген жерлер (ормандар мен алқаптар, көлдер мен тогандар) ұжымның қарауында қалды. Көршілік қауымның мұндай дуализмі алғашқы қауымдык қүрылыстың негізін бұзды және оның орнына келген таптар мен мемлекеттің құрылуын тездетті. Бүл көршілік қауымды жер иелеріне басыбайлы етуге жол ашты.
Жапониядағы төңкеріс және Тайка реформалары (645-646 жж.). Мемлекет пен таптардың қалыптасуы тайпалық одақтарда біріншілік үшін үзақ әрі, табанды күрес жағдайында жүрді. Бұл процесс Ү ғ. ортасынан бастап 587 ж. дейін Кацура, Хэгури, Отомо, Мононобэ, кейіннен тайпалық одақтың басында түрған Сого үйлері арасында қылаң берді. Ақырында бүл күрес Сого үйі мен «патшаның» Сумэраги руы арасында күшейді. VІІ ғ. басында тайпалық басқаруды өзгертуге және «аспан баласы»- монархтың басшылығымен орталықтанған күшті мемлекет құруға эрекет жасалды. Сол дәуірдің сауатты адамдарының бірі, ҮІ ғ. Жапонияға енген конфуцийлік, будизммен етене таныс, «Сого» үйінен шыққан тайпалық одақ басшысының мұрагері «принц» Сетоку-тайси (572-621 жж.) 603 ж. иерархиялық ақсүйектер үшін «12 ранг табелін» («Табель 12 рангов») жасады, 604 ж. «17 баптан тұратын Заң» шығарды. Онда мемлекет туралы және монархтың суверенитеті туралы конфуций ілімі мен буддизм идеялары басшылыққа алынды. Төменгідердің жоғарғыларға бағыныштылығы, шексіз билікке құқылы императордың басшылығымен орталықтанған мемлекет құру қажеттілігі жарияланды. Сетоку-тайси заңнамасы Тайка төңкерісінің («үлы өзгерістер») шығуына себеп болды.
«Тайка төңкерісіне» ру-тайпалық ақсүйектердің екі үйлер коалициясы: Сумэраги және Накатоми (669 ж. бастап Фудзивара тегін алған) дайындалды. Оны принц Нака-но Оэ, Накатоми Каматари және Абэ Курахасимаро басқарды. 645 ж. Сого үйі талқандалып, билікке Сумэраги үйі келді.
Бүдан кейін 645-646 жж. төңкерістің мақсатымен тыгыз байланысты бірқатар реформалар жүргізілді. Ру-тайпалық ақсүйектердің бүрынғы мүрагерлік атақтары жойылды, сондай-ақ олар жерге жеке меншік құқығынан айрылды. Жер мемлекет меншігі жарияланды және император бақылауына алынды. Тандық Қытайдағыдай жер иеліктері «егістік жерлерді қайта бөлу» жүйесіне («хандэн») сэйкес 6 жьшда бір рет отбасылар арасында бөлінді. Осылайша Жапон қоғамының негізін жерге мемлекеттІк меншік құрады, ал халқы жер үлесін ұстаушыларға айналды. Шаруалар өздеріне тиесілі үлестік жерлерін тастап кетуге қүқысы болмады. Бұл бұрынғы ерікті қауым мүшелерін басыбайлы етудІң басы еді. Осы кезде жер қоры мен халық санағын мерзімінде зерттеу ісі қолға алынды.
Тайка төңкерісі мен реформаларының маңызы императордың мұрагерлік билігі орнады, әскермен қамтамасыз етілген орталықтанған мемлекет қүрылды. Билік заңмен бекітілді, соңдай-ақ жапон халкының қалыптасу процесі аяқталды. Тайка реформалары, әсіресе мемлекет аппаратының құрылысы, жер туралы заңдары Қытай үлгісінде жасалды. Императорлық Нара мен Хэйана қалаларының қүрьшысын салуға Тан және Суй империясы астаналарьшьщ (Чаньан, Лояна қ.) сәулет өнері ықпал етті. Мемлекеттік басқарудың жаңа әкімшілік жүйесі енгізілді: провинциялар мен уездер құрылып, оған орталық үкімет губернаторлар мен уезд бастықтарын тағайындады. Олардың негізгі қызметі егістік жерлердің бөлінуі мен міндеткерліктердің өтелуін қадағалау, халық санақтарының жүргізілуі мен алым-салықтардың жиналуьш бақылау болды.
VІІ ғ. екінші жартысы мен VIII ғ. басында Жапонияның мемлекеттік аппараты әрі қарай дамыды. Ортапық үкіметтің орнынабірінші министр басқаратын мемлекеттік (үлкен) кеңес құрылды. Оған сегіз атқарушы департаменттер бағынды, соның негізгілері әскери, заң және қаржы саласы. ҮШ ғ. басында Жапон халқының саны 60 млн.-ға жетті. ІХғ. ортасынан бастап император билігін ығыстырған Фудзивара үйінің ықпалы күшейді. Жапон халқы көптеген славян және герман тайпалары сияқты қүлдық қоғамға соқпай алғашқы қауымдық қүрылыстан бірден феодализмге өтті. Ертефеодалдық кезеңде алғашқы және қүлдық қоғамның сарқыншақтары сақталды. Тіпті феодалдық қатынастар жүздеген жылдар бойы құлдық қатынастармен қатар дамыды.
Жапонияда 645 ж. бастап әр императордың ерекше атаумен аталатын басқару жылдары көрсетілетін ресми жы санау жүйесі бекітілді. Елдің императорға — «тэнно» (жогары) тікелей бағыньштылығы жарияланды. Халық екіге бөлінді: тең құқылы адамдар («ремин» — мейрімді адамдар) оларға шаруалар мен қолөңершілер кірді, екшшісі, «төменгі халық» қарапайым адамдар («сэммин» — тэуелділер).
Шаруашылықтың маңызды саласы — егіншілік елдің 80-90% қүрайтын шаруалардың (ерікті қауым мүшелері) қолына шоғырланды. Өндірістің негізін шаруалар құрады, өнімділігі төмен қүлдардың еңбегі тек қосымша шаруашылыққа пайдаланылды. Оның үстіне Жапон аралдарының таулы болуы мен қарапайым ауыл шаруашылық құралдары ірі патифундиялар құруға мүмкіндік бермеді. Әйтпесе, тау-тасты жерлерді өңдеуге тегін құл еңбегі тиімді болар еді. Қүлдық қоғамға өтуге құлдарды толықтыру көздерінің шектеулі болуы кедергі жасады. Жапон кұлдығы феодалдық ақсүйектердің қарауындағы үй құлдығымен ерекшеленді. Сондай-ақ кұл еңбегі монастырьлар мен храмдарда пайдаланылды.
Ертефеодалдық мемлекеттің аграрлық заңын «Тайхо» кодексі бекітіп берді. Бұл заң жерге мемлекеттік меншік қағидасы мен оны мезгілдік бөлу құқығын бекітті. Алайда, Жапонмядағы феодапдану процесі жерге мемлекеттік меншік қағидасы мен жер үлесі жүйесінің қүйреуіне экелді. Заңға сәйкес егістік жерді бөлу мерзімі ұзаққа созылып, біртіндеп жер бөлінісшің мүлдем тоқтатылуына, ақырында жердің жеке иеліктерге өтуіне жол ашты. X ғ. екінші жартысында жерді ұстаушылар үлестік жерлерін сақтап қалуға тырысты. Шаруалардың шаруашылық бастамасына мемлекеттік реттеу мен бақылаудың күшеюі кедергі келтірді. Сондай-ақ, феодалдардың орталыққа кету тенденциясы мен жерді сатып алу-сатудың іске асырылуы жер бөлінісін тоқтатуға негіз болды. Жапониядағы құнарлы жерлердің бәрі феодал ақсүйектері мен синтоистік және буддистік храм иелерінің қолына шоғырланды. Басқаша айтқанда, жерге меншік иерархиясы белгілі саяси билік иерархиясымен сәйкес болды.
X ғ. екінші жартысынан бастап Жапонияда феодалдық жеке жер иеліктері («сеэн») пайда болды. Олар тұйық, оқшауланган шаруашылық жүргізді. Мұндай иеліктің негізі «атаулы жерлер» — мұрагерлік иеліктер болды, жер иесінің есімімең аталған бұл жерлер шаруашылық-салық өлшемімен өңделді. Осылайша феодалдық қанауға негізделген жеке меншік иеліктерінің құрылуы қүлиеленушілік құрылысты ығыстырды. Уақыт жылжи келе құлдар тәуелді шаруаларға айналды. Шаруаларды аяусыз қанау, атап айтқанда күріш салығы міндеткерлігі, кіріптарлыққа түсіру, ақырында оларды басыбайлы ету шаруалар көтерілістерін туғызды. Мемлекет жерінен қоныс аудару, қашу, кету сияқты таптық күрестің бастапқы түрлері кеңінен тарады. Сондай-ақ, шаруалар шенеуниктердің қатыгездігі мен зорлық-зомбылығы, қиянаты туралы аймак, уезд бастықтарының атына арыз-петициялар жазды. Күрестің белсенді әдістері қолданылды. Олар қашумен шектелмей, ресми мекемелерге, губернаторлар мен жергілікті шенеуниктерге қарсы әскери жасақтар құрды, Мұндай наразылықтар устем тап өкілдерін абыржытып, жеңілдіктер жасауға мәжбүрледі. Алайда, феодалдардың шаруалардың жағдайын жеңілдетеміз деген уәделері орындалмады, шаруалар көтерілістері жалғаса берді. ІХ-ХІ ғғ. ірі толқулар бой көтерді. ХІ-ХІІ ғғ. шаруалар елдің астанасы Хэйан қаласына шабуыл жасады. Бірақ, ұйымдаспаган шаруалар көтерілістері көбіне жеңілістерге душар болды.

Similar Posts

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *