Келіссөздер — бұл адамдар арасында келісім жасау мақсатымен жүргізілген талқылау. Келіссөздер диалог және полилог түрінде өтетін іскерлік қатынас процесі. Олар:  — белгілі бір себептермен, мысалы, шағынаудандағы балалар мен отбасыларына әлеуметтік көмек орталығын қүруға байланысты;
— белгілі бір жағдаяттарда, мысалы, мүдделердің сәйкес келмеуі;
— белгілі мақсатпен, мысалы, келісімге қол қойысу;
— белгілі мәселелер бойынша (саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени сипаттағы) жүргізіледі.

Нәтижесінде іскерлік байланыстар орнатылып, келісімдер жасалынады, маңызды шешімдер қабылданады, жауапты қүжаттарға қол қойылады, әр түрлі фир-малардың, мекемелер мен кәсіпорындардың біріккен қызметтері үйлестіріледі. Сонымен қатар сөздік қатынастың бұл түрі — даулы, жанжалды мәселелерді шешудің, достық қатынас пен ынтымақтастық орнатудың нәтижелі құралы. Көптеген мамандар атап көрсеткендей, табысты келіссөздер — бүл бәрінен бүрын екі жаққа да тиімді, яғни дәл осы жағдаятта екі жаққа да қолайлы шешімдер. Іскерлік келіссөздердің табысты болуына не нәрсе қажет екендігін «Акулалар арасында қалай аман қалуға болады» деген кітабында Харви Маккей былай деп түсіндіреді: — егер келісуші жақтар екі жаққа да тиімді деп есептесе, келісімге әр уақытта келуге болады. Сотқа шағымданушылардың оннан тоғызы сотқа жіберілмей шешіледі, себебі тіпті нағыз өшіккен қарсыластардың өзі де егер шайқастан гөрі келіссөздер : тиімділігіне көздерін жеткізсе, бір үстел басына отырады. Сіз сатасыз ба, жоқ сатып аласыз ба, егер екінші жаққа ол үшін түтынудың не пайдасы бар екендігін түсіндіре алсаңыз, келісім міндетті түрде жасалады.

Бұдан кім ұтады? Адамның мәліметі мол болса, жоспары жақсы болса, шеберлігі жоғары болса, сол ұтады. Келіссөздер — бұл талас не соғыс додасы емес екендігін естен шыгармау керек. Сондықтан да келіссөздер үстеліне қарсыласты қайткенде жеңемін деген оймен отырудың қажеті жоқ. Келіссөздер оңай немесе шиеленісті өтуі мүмкін. Әріптестер өзара оңай келісе салуы, аса қиыншылықпен келісімге келуі, не мүлдем келісе алмауы мүмкін. Келіссөздер барысында келісімге келетін әр түрлі мүдделер бас көтереді. Келіссөздер барысында әр түрлі субъективтік факторлар әсер етеді. Әріптестердің қабілеті, олардың келіссөз жүргізу дагдылары мен икемділіктері, т.б. Келіссөз үстелінің басына іскерлік, кәсіби және қатынас салаларында тәжірибесі әр түрлі адамдар тоңайласуы мүмкін. Олардың әрқайсысының әр түрлі темпераменті, өзіндік қарым-қатынас стилі, әр түрлі білімі болуы мүмкін.

Келіссөздерді дайындау. Келіссөздер мұқият дайындауды қажет етеді. Тәжірибе әдетте келіссөздер қорытындысында оған жақсы дайындалған жақтың табысқа жететіндігін дәлелдеген. Бұған тек оның қорытынды нәтижесі емес, сонымен бірге процестің ұзақтығы, шиеленісуі, не тез, кедергісіз бітуі де байланысты. Келіссөздерге неғұрлым көңіл бөлсең (әр түрлі қорытындылар, экономикалық, статистикалың мәліметтер мен талдаулар, т.б.), соғұрлым табысты болуына мүмкіндік бар. Жеткіліксіз дайындық келіссөздердің сылбыр, баяу жүруіне, кідірістер мен тоңтап қалуына әкеліп соғады. Дайындық кезеңі келіссөздердің мазмұнды жағын ғана емес, сонымен бірге үйымдастыру, сәттерін де қамтиды. Келіссөздерді дайындау барысында мыналарды іске асыру қажет: — келіссөздерге кімдер қатысатынын, делегацияны кім басқаратынын шешу; — делегация мүшелерінің міндеттерін бөліп беру; — келіссөздер өтетін орынды, уақытты анықтау; — келіссөздер жоспарын жасау; — жұмыс тәртібін анықтау; — келіссөздерге ңызмет етуші адамдарға тапсырмалар беру.

Дайындық барысында қонақтарды қабылдау бағдарламасы да анықталады. Онда қонаңтарды қарсы алу тәртібі, қарсы алушылар, құттықтау сөздер, ңонаң үйге жайғастыру, бағдарламаның іскерлік бөлімі (кездесулер, әңгімелер, келіссөздер), қабылдаулар, таңертеңгі ас, түстік, т.б. әр түрлі объектілерге бару, мәдени іс-шаралар, елді аралау, шығарып салу, т.б. қамтылады. Болар кездесудің мазмүнына ерекше назар аудару қажет:
— мәселені талдау;
— істің жағдайын егжей-тегжейіне жете зерттеу;
— келіссөздердің маңсаты мен міндеттерін аның тұжырымдау;
— делегацияның жалпы бағытын анықтау;
— өзінің жеке бағытын белгілеу;
— нанымды дәлелдер жинау;
— мәселенің шешілуінің мүмкін нұсқасын табу;
— ұсыныстар дайындау;
— қажетті қүжаттарды дайындау (мәлімдемелер, келісімдердің, хаттамалардың, шешімдердің, келісімшарттардың жобаларын).

Келіссөздер үшін қцжаттар дайындауға аса мұқият қараған жөн. Тұжырымдардың дәл әрі қысқалығы, ұсыныстардың толық дәлелденгендігі қажет. Құжаттарда грамматикалық және стилистикалың қателер жіберуге мүлдем болмайды. Олар ресми-іскерлік тілдің қалыптары мен стиліне сай болуы керек. Келіссөздерге әріптестерге таныстыру үшін дайын аныңтама материалдар салған папканы немесе жобаны ала барған жөн.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *