Құран фәлсафаның бастауы және алғышарты. Гректердің бастау-ды іздестіруі де түпнегізді табумен байланысты болатын. Бірақ ислам интеллектуалдары үшін бастау исламда, Құранның мәтіндерінде еді. Рухани надандық – джахилийа дәуірі тұтастықтың, бірліктің бол-мауымен рекшеленетін. Құрандағы концептуализм бүкіл онтологиялық және экзистенциалдық болмысты Таухид (Бірлік) ұғымымен бел-гіледі және бұл басты ислами ниетті және адамзат тарихының мәнін білдірді.

Құранның тұжырымдамасы Мұсылмандық Ортағасыр әлеміндегі әлеуметтік, гуманитарлық, саяси, құқықтық, философиялық, этика-лық, ғылыми, эстетикалық, теологиялық рефлексияның негізін қала-ды.

Ортағасырлардағы фәлсафа немесе философия тарихты, адамгер-шілікті, адам онтологиясын түсінудің құрандық парадигмасы аясында дамыды.

Құрандық мәтіндердің міндеті адамды Құдайдың баянына үйрету болатын. Құран герменевтикасындағы түсіну шарасы тыңдау ретіндегі түсінуді, сабыр ретіндегі түсінуді, жазмыш туралы, ілім туралы, адам-гершілік парыз туралы, қайырымдылық пен адамның дүние мен қоғамдағы адамгершілік рөлі туралы аяттарды зердемен пайымдау ретіндегі түсінуді білдірді.

Құран мәтіндері бойынша адамның міндеті – бұл қайырымдылық пен төзімділік көрсету міндеті. Осы екі нәрсе бүгінгі біздің «пост-модернистердің» түсіне де кіріп шықпаған мәндер мен мағыналарға толы. Бұл Ұлы Мәтінді қалай оқу керек, оны қалай пайымдауға болады, Құдайдың Сөзіндегі түсіну шарасын өзара сұхбат шарасына қалай айналдыруға болады? Бұл адамның ақыл-ойын жаулап алған мәселелер. Оның үстіне, біздің зерделі түсінуіміздің шектері қандай? (Бұл Кант заманынан әлдеқашан бұрын айтылған). Алдын ала жазыл-ған өмірде өз өміріңнің мәнін қалай айқындауға болады? Барлық осы сұрақтар Құранда қойылды, айтылды.

Ортағасырлық мұсылмандықтың барлық рухани, интеллектуалды күштерінің өкілдері аса күрделі сұрақтардың жауабын іздестіре бас-тады. Адамның үміттері мен күдіктерін іздестірудің, әр алуан дис-курстардың кезеңі осы кез болатын.

Сонымен, Құранда Ақиқат айтылды, ендігі жердегі барлық реф-лексия соны түсінуге бағытталады. Исламның пайда болуымен фило-софиялық шындықты іздестіру басталды. Ортағасырларда басталған аудармалардың ұлы дәуірі ерекше философиялық және ғылыми ойдың пайда болуына ықпал етті. Ортағасырлардың мұсылмандық ойы әлем-дік мәдениетте, рухани қажеттіліктерді жетілдіруге негізделген адам-заттық ойлаудың жаңадан жаңғыртылған бейнесін даярлауда үлкен рөл атқарды.

Араб-мұсылман мәдениеті аясындағы адам тұлға ретінде екі анықтамаға сәйкес көрінді: 1. Құдайға бағынған адам және 2. Шығар-машылық тұлға. Бұл екеуі де Жаратушы ретіндегі Құдай түсінігінен бастау алады. Құдайға бағынышты бола отырып, шығармашылық жасауға бола ма? Шығармашылық тұлғаның мәні дәл осы тұста жатыр – Құдіреттің шабыттандыруынсыз шығармашылықпен айналысу мүмкін емес. Мұсылмандық Ортағасырлардағы адамның шығарма-шылық белсенділігі ерекше қуатты және әлемдік өркениетте теңдесі жоқ болды. Мұсылмандық мәдениеттің шығармашылық белсенділігін батыстық мәдениеттің өкілдері де объективті түрде мойындап отыр. Мысалы, орыс зерттеушісі П.П. Гнедич былай дейді: «Көптеген араб ғалымдары артына топографика, статистика, философия, фармакопея, химия, хирургия, астрономия бойынша шығармалар қалдырып кетті. Біздің сөздіктердің өзі араб терминдеріне толы, арабша атаулар осы күнге дейін дәріхана саласында өте көп қолданылады, арабтар медициналық практикаға күйдіруші құралдар мен хирургиялық жаб-дықтарды енгізді.

Еуропада сырқаттанған адам көнеден қалған ем-домдарға жүгініп, содан сиқырлы ем күтсе, араб ең алдымен дәрігердің көмегіне сүйенді. Әйелдерге деген нәзік қатынас арнайы әйел-дәрігерлерді оқытуға итермеледі. Бізде арабша деп аталып жүрген цифрларды арабтар үнділіктерден алды, сөйтіп 10 саннан құралған арифметиканы түзді. Рим және грек цифрларымен арифметикалық есептер шығарудың күрделі механизмінен кейін санақтың бұл жүйесі математиканы дамы-тып жіберді. Сауда істерінде де ол өте қолайлы болды. Ақырында, арабтар алгебраны ойлап тапты, онсыз математикалық талдау мен ғылымның қолданбалы салалары бүгінгі деңгейіне жете алмас еді.

Бүкіл католиктік еуропада жер тегіс беткейлі деп есептеліп, оның шар тәрізділігі діннен ауытқушылық деп саналғанда, арабтар өз мектептерінде глобусты пайдаланды, ал Альмайон Қызыл теңіздің жанындағы градусты өлшеумен жер шарының көлемін анықтады. Арабтар астрономия бойынша өз зерттеулерінде аспан әлемінің барлық түкпіріндегі жұлдыздардың атауын жазды. Аспанның глобу-сына көз салсақ, олардың бұл салада қаншама іс тындырғанын аңғару қиын емес» [3].

Исламның пайда болуымен рухани және материалдық мәдениеттің осыншалықты гүлденуі қалайша жүзеге асты? Діннің пайда болуымен мүлдем ғылым емес, тек адамгершілік нормалар ғана жетілуі тиіс еді ғой. Бұл исламның сенім мен ақылды бір біріне қарсы қоймауымен байланысты.

Христиандық пұтқа табынушы құдіретті Риммен күресте пайда болды, ал Римде «рационалды рухсыздық» үстем еді. Риммен күрес, өз мәнінде, өмір мен сананың тым рационалданған формаларымен күрес болды және Римге сезімдер мен мейірімділік керек еді. Егер христиандық жансыз, рационалды Римді құлату үшін пайда болса, ал ислам тарыдай шашыраңқы пұтқа табынушылық әлемді қирату үшін емес, оның бытыраңқылығын жойып, біріктіру үшін пайда болды. Исламға дейінгі наным-сенімдер өмір мен өмір сүру тәртібінің қандай да бір рационалдық тұжырымдамасынан ада болатын.

Исламның өкілдері ғылымның, өнердің, философияның дамуы сенімді жояды деп қауіптенбеді. Керісінше, ислам біртұтас мәнді іздеуге ықпал етті, оның үстіне, әр алуан ғылымдардағы ізденістер Жаратушының даналығын тануға ықпал ететін міндеттерді шешуге жағдай жасады. Ғылымдарда ашылған жаңалықтар дінге қарама қарсы қойылған жоқ, керісінше, құдіретті заңдылықты дәлелдеп отырды. Араб халифатының басшысы – халифтың рухани және зайырлы билікті бір қолда ұстағанын айта кету керек. Зайырлылық пен діндарлылықтың бұл бірлігі илаhи және дүнияуи тірліктің зерделі қосындысын білдіріп Араб халифаты қоғамының өзінің мәнін құрады.

Бұдан біраз уақыт кейін биліктің дағдарысы орын алды, қайшылықтар қоғамдағы осы бірліктің негізін шайқалтты және адам тағы да аспан мен жердің арасында шабыла бастайды. Мұның бар-лығы Ұлы Араб халифатының ыдырап жойылған тұсында, халифат-тың соңғы тірегі – Гранада құлап, өз сарайын еш бүлдірместен және сонысымен христиандарға өз мәрттігі мен сезімталдығын көрсетіп, сұлтан Боабдил Жер бетіндегі жұмақты бейнелейтін атақты Альгам-браның кілтін тапсырған кезде орын алады. Ал оған дейін Тәңірге деген сүйіспеншілігі мен құштарлығын сақтаған, рухани және физика-лық күшке толы адамдар дүниені, заттар әлемі мен рухтар әлемін  таниды және құрастырады.

Бүкіл адамзат үшін Құранның маңызы соншалықты зор, дана-лыққа толы бұл қазынаға деген ризашылық сезімді жеткізе алатындай сөздер табу қиын. Құран Аллаhтың Жәбірейіл періште арқылы Мұхаммед пайғамбарға түсірген аяны болып табылады. Жаратушы тағала өзінің сүйікті пайғамбары арқылы әлемге оның өмір сүруінің мәнін аңғартты.

Құран 114 сүреден тұрады, ал әрбір сүре, өз кезегінде, аяттардан (айа – араб тілінен аударғанда аян, сақтандыру, ескерту дегенді білдіреді) құралады. Сүрелер Мұхаммед пайғамбардың қызметіне қарай екі кезеңге бөлінеді: меккелік және мединелік.

Мұхаммед пайғамбардың жеткізген илаhи сөздері адамдардың жүректерін тербеді. Меккеде түскен кейбір сүрелерден үзінділер келтірейік: « Егер жер бетіндегі барлық ағаштар жазылатын қағаз-дарға айналып кетсе де, және мұнан кейін бұл теңіз жазу сиясының жеті теңізіне айналса да Аллаhтың сөздері қайта жазылмайды» [4]. Немесе «… Жаратушың сені тастап ктепейді де жек көрмейді де. Сен үшін болашақ бүгінгіңнен жақсы. Раббың сені жарылқайды, және сен рақатқа бөленесің. Ол сені жабыққан жеріңнен тауып, мейіріміне бөлеген жоқ па? Ол сені адасқан жеріңнен тауып, тура жолға салған жоқ па? Ол сені кедейліктен тауып, байытты емес пе? Міне сондықтан жетім-жесірді жәбірлеме, Өзіңнен айқайлап қума, Аллаh разылығымен мейірім көрсет!» [5].

Құран мұсылман ойының барлық ағымдарына – кәламға, философияға, исламдық мистицизмге, әдебке зор ықпал етті, оған қоса Құрандық білімнің шеңберінде мұсылмандық құқықты білдіретін фыкh пен Құран мәтіндерін түсіндіру туралы ғылым – ілім-әт-тәфсир (тәпсір) пайда болды.

X ғасырдың соңына қарай исламда иджаз деп аталатын Құранның теңдессіздігі және абсолютті кемелдігі туралы классикалық тұжырым-дама пайда болды және бұл құдайдың абсолютті кемелдігі мен даналығы туралы тұжырымдамаға ықпал етті.

Мұхаммед пайғамбар мединелік кезеңде нағыз шынайы діннің – Ыбырайым пайғамбардың ұстанған діні екендігін түбегейлі көрсетіп береді. Ыбырайым пайғамбардың өзі негізгі үш келбетімен көрінеді: 1) тірі ханиф дінін ұстанушы; 2) Құдайға құлшылық қылудың үлгісін танытушы; 3) Құдайға деген шексіз сүйіспеншіліктің иесі. Ыбырайым пайғамбардың арасында адамдарға құрбандықтың мәнін алғаш түсін-дірген және жеке жауапкершіліктің ұстынын қалыптастырған пайғам-бар еді. Меккелік «Ыбырайым» деп аталатын 14-сүренің барлық 52 аятында исламның негіз құраушы категориялары ретінде «сүйіспен-шілік» пен «бағыныштылық» ұғымдары айтылады.

Құранның мәні туралы ғылым – ілім-Құран-әт-тәфсирдің көпға-сырлық ислам тарихы бойында өмір сүріп келе жатқаны мәлім. Біздің заманымызда да қазіргі тәфсирлер бар. Осыған орай 2000 жылы Каир қаласында араб және орыс тілінде жарыққа шыққан (Вакуф минис-трлігі. Ислам істері жөніндегі Жоғары Кеңесі) «Әл-Мунтахаб фи Тафсир әл-Құран әл-Карим» — Қасиетті Құранның түсіндірмесін атап өтуге болады. Доктор Мұхаммад Саийд Тантауи мен доктор, профес-сор Махмуд Хамди Закзуктың жазған алғы сөзінде тәфсирдің нақты міндеті – Илаhилық пен адамилықтың көріністерінің алуан түрлілігі мен бірлігі арқылы құдай мен адам қатынастарының ақиқатын көрсету міндеті айқындалады. Құрметті доктор Тантауи былай деп атап өтеді: «Тәфсир бұл Қасиетті Құран кәрімдегі қымбат қазына кенінен інжу-маржандарды ашуға мүмкіндік беретін кілт…», «Дұрыс айтылған тәфсирсіз бұл Кітаптың мазмұнын игеру мүмкін емес…». Әсіресе, бұл басылымдағы «Ыбырайым» сүресінің түсіндірмесі маңызды, онда шынайы сенімнің мәнін түсіну айқындалады. Қазіргі уақытта Ұлы Кітаптың мағынасын ашатын анық және нақты тәфсирге деген қажеттілік сезіліп отыр және Каирде басылып шыққан бұл тәфсир де құран мәтіндерінің терең мәнін ашу үшін ориенталистерге көмек беретін «кілт» болып табылады.

Құранның бүкіл өн бойында өрілетін Ыбырайымның шынайы діні тұжырымдамасы монотеизм мен Тәңірінің еркіне бағыныштылықты білдіріп қана қоймайды, оның мағынасы анағұрлым терең әрі құдіретті. Өз ұлы Ысмайылды құрбандыққа шала отырып, Ыбырайым тек бағыныштылықты көрсетіп қана қоймайды, сенімді де айқын көрсетеді және осы сенімінің арқасында жас ұлғайған шағында перзентті болады. Құранның ең шабыттандырушы идеяларының бірі сенімге ие адам әртүрлі бәле-жалаларға, табиғат апаттарына қарсы, басқа да бақытсыздықтарға қарсы тұратын физикалық күшке де, жоғары рухани күшке де ие болады.

Ыбырайым жолға шықты және шын мәнінде бұл жолды білмеді де, бірақ ол Құдайдың дұрыс жол көрсететініне сенімді еді. Ол үшін қай мекенге бару маңызды емес, ол үшін ішкі сенімі маңызды болатын. Ыбырайым Аллаhқа, Оның мейрімі мен әділдігіне сенді. Ыбырайым үшін жердлі иелену маңызды емес, осы жерде Тәңіріге деген сүйіспеншілікпен, сеніммен өмір сүрген маңызды. Жаратушы тағала оның сенімін сынайды, оның жаны мен жүрегін азапты жолдардан өткізеді және ақырында жаратушының мейірімділігі мен қайырым-дылығын түсінуге әкеледі.

Бізге ұлы шындықты жеткізген Мұхаммед пайғамбар әрбір адам сезіне алатындай етіп, олардың көкірек көзін ашуға ұмтылды. Адам үшін түсірілген Құран адамның өзінің мәнін ашты. Құранда адам болмыстық қырынан да, тектік қырынан да, танымдық қырынан да көрінеді. Құран адам мен оның жер бетінде өмір сүруінің мақсаты мен парыздарын анықтап береді. Құранда адамның танымдық қабілеттері, оның рухани қажеттіліктері де сөз болады. Әуелде балшықтан жаса-лып, рухтың демі үрленген адам кемелдене түсуі тиіс.

Адамды Құдай өзінің жер бетіндегі халифы етіп жаратты, жан-жануарлармен салыстырғанда оған рухани әлеует беріп, артық қылып жаратты. Және бұл жерде осы рухани әлеуетті жүзеге асыру адамның өзінің еркіның қатысы арқылы жүзеге асатынын айта кету керек. Адам жаратушысының дидарын көру мәртебесіне ие болу үшін Жер бетіндегі сынақтан өтуі керек.

Құрандағы негізгі мәселе адам, оның өмірі, өмірінің мәні мен мақсаты, оның тағдыры болып табылады. Құран мәтінінің өн бойында адамзат өмірінің трагедиясы, оның Құдай алдындағы құлшылығы мен адасушылығы көз алдымыздан өтеді. Көз алдымыздан тура жолды іздеген адамдардың, одан тайқыған адамдардың бейнелері көрінеді. Пайғамбарлар мен әулие-әнбиелер адамдарды ескертеді, бірақ адам-дар қыңырлықпен алған беттерінен қайтпайды. Әрине, бұл Жара-тушының мейірімінен хабар береді, өйткені Ол адамдардың дұрыс жолмен жүруін пайғамбарлары арқылы хабарлап отырады.

Ескертуімен қатар Жаратушы қаhарын да көрсетеді: адасудың алдын алу үшін күнәға батқандарға қарсы әртүрлі зұлматтар арқылы жазасын да береді. Адамның жазмышы алдын ала белгілі, бірақ адам осы жазмыш пен өзінің еркін дұрыс байланыстыра алмайды. Адам үнемі қайшылықта болады, бұл «Ібілістің сыбырлауынан», «шайтан-ның азғыруынан» болады.

Ібіліс адамды жолдан тайдырады және күнаға итермелейді. 7-ші «Ағраф» сүресінде айтылғандай, Аллаh Адамға және оның әйеліне жұмақта өмір сүруге мүмкіндік береді. Алайда адамға сәжде етуден бас тартқан Ібіліс оның соңынан қалмай азғырып жүріп, тыйым салынған «ағаштан дәм таттырды». Сол кезде олар «жалаңаштанып қалды» [6]. Және бұл тұста мынаған назар аудару керек: Ібіліс ізгілік пен зұлымдықтың сол ағашының жемісінен дәм татқанда білімге ие боласыңдар, әлемге билік жүргізесіңдер деп уәде еткенде, олар өздерінің жалаңаш қалғанын көрді. Мұнда «Құдай болғысы келген» адам, шын мәнінде, өзінің шарассыздығын аңғарады деген мағына жатыр; оның жалаңаштығы құдай алдында адамның дәрменсіздігін, оның «нәпсісінің құлдығын» көрсетеді.

Бұл сүреде және тағы басқа сүрелерде жақсылық пен жамандық алдында тұрған адамның мәселесі, оның өзінің «менін» игеру мәселесі ашылады. Жоғарыда айтылғандай, барлық кедергілер, оның ішінде Ібіліс те құдайдың өзінің жаратқаны, ондағы мақсат адамның өз табиғатын ұғынуы, оған Құдайдың жазған ұлы мақсатын түсіну. Бұл тұжырым Кәламның көптеген өкілдері арасында пікірталас тудырды.

Алайда тағы да Аллаh тағала адамды мәңгі өмірге дайындалуы үшін жұмақтан қуады, көнбістіктің бұл сабағын адам өзінің бүкіл фәнилік ғұмырында үйрене алмай келеді. Адам Жұмақтан өзін өзі қуып, драматизмге толы фәнилік өмірге келді.

Құрандағы таным кескіні – бұл ең алдымен адами табиғатын заттардың алуан түрлілігі мен бірлігі арқылы тану. Құрандағы онтологиялық мәселе шындығында – бұл әлемнің бірлігі туралы мәселе. Дәл осы монизм ұстынынан исламның тәухидтік ілімі туындайды. Ислам жер бетіндегі адамның құтқарылуы үшін түсірілген. Осы ілімнің арқасында адам осы «адам» ұғымын білдіретін өз мәніне ие болады.

Құранда қойылған негізгі сұрақтардың бірі кадар немесе такдир (тағдыр) – жазмыш туралы мәселе, бұл илаhи әділеттілік пен адамның еркін еркі мәселесімен байланысты. Құран бойынша – жер бетінде Құдайдың еркінсіз өмір сүретін ештеңе де жоқ. Бұл идея Құранның көптеген сүрелерінде айтылады: «жазмыштағы бекітілген мерзім бойынша Құдайдың рұқсатынан басқа, жан алынбайды» [7]. «Жаппар иенің жазғанынан басқа бізді ештеңе де ешқашан кез болмайды» [8] және басқалары.

Құранда таңдау еркіндігі жүзеге асырылады: Құдай адамға шынайы және шйнайы емес жолды таңдауға мүмкіндік береді. Құдай адамға адасудың да мүмкін жолын алға тартады. Және осы тұста ең басты нәрсе аңғарылады: осы жолда, жақсылық пен жамандықтың күресі жолында адам не жақсылықты, не жамандықты таңдайды. Және егер адам дұрыс жолға түссе, онда Жаратушы оны ары қарай ақиқатқа жетелейді, ал егер жамандық жолына түссе, онда Раббы оны ұмытады: «…» [9]. «Кадар» жазмышты білдіреді. Кәламшылар мұны былайша тәпсірлейді: «када» сөзі Аллаhтың мәңгі еркін білдіреді, ал «кадар» — осы шешімнің дүниедегі орындалуы. Жақсылық Аллаhтың мәңгі еркін – «каданы» білдірсе, ал жамандық «кадар» арқылы өтеді [10].

«Кадар» мен «када» мәселесін исламдағы әртүрлі ағымдар – кадариттер, джабриттер шешуге тырысты. Кадариттердің пікірінше, адам өз тағдырының билеушісі көрінеді, сондықтан не құтқаруға, не күйреуге оның өзі келеді. Құран адамның таңдау құқығын мойындайды, бірақ жазмыш осы таңдаудың өзінің күйзеліс екен-дігімен сипатталады, өйткені бұл таңдаулардың болуы жаратушының өзінің «кадасында» болады.

Жазмыш туралы мәселе төмендегі негізгі сұрақтарды қарастыру-мен білдірілетін танымдағы аса маңызды адами міндеттерді шешті:   1) Өз әрекеттері мен қылықтарында адам еркін бе және бұл еркіндік қандай, оның шектері бар ма? 2) құдайдың абсолютті шешімі адамның өз әрекеттері үшін жауапкерлігі мәселесімен қалайша біріктіріледі? 3) Мәңгі ізгіліктің бұлағы ретіндегі Құдайдың зұлымдықтың мәңгілікпен қатар өмір сүруі мәселесін қалай түсінуге және түсіндіруге болады*. Жазмыш мәселесі Құранда, әсіресе, 92-ші «Ләйіл» сүресінде және 97-ші «Қадыр» сүресінде айтылады. Тағдырдың Ұлы Түні (Ләйлат әл-Қадр) адамды жазмыштың терең әрі қасиетті мәнін толғануға итер-мелейді: «негізінен Құранды Қадыр түнінде түсірдік. Қадыр түнінің не екенін білесің бе? Қадыр түні мың айдан да қайырлы. Періштелер және Жәбірейіл ол кеште Раббыларыңның рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі. Ол бейбітшілік кеші, таң рауандағанға дейін жалғасады [11].

Тағдырдың Ұлы Түнін исламның барлық ағымдары – мутазилит-тер, джабриттер, кадариттер және басқалары жазмыштың құпия сырын талқылаудың негізі ретінде алды, бірақ олардың барлығында «Ләйлат әл-Қадр» сөзінің мәні былай түсіндіріледі: «ләйлят» — түн, қараңғылық, даналық, қара түс – Қағбаның, қара тастың түсі және «кадар» — анықтау, тура мәніндегі шамамен мағынасы – ұлы дана адамның осы даналықты тануы үшін жер бетіне түнде түсті және соның арқасында ол өзінің нәпсісін тыйып, Аллаh тағаланың ұлы хикметіне тартылды. Құдай адамның мақсатын осылайша анықтады.

Анықталу түні (басқа аудармаларда «Құдіретті Түн) адам өткен уақыттан бөлінді, жаңа уақытты сезіну санасы және адамның жаңа тағдыры беріліп, ұлы оқиғалар жүзеге асты. Джахилийа дәуірінде адам уақыт ұғымының дәл мағынасын білмейтін еді.

Исламмен бірге әлемнің мәңгілігі және жеке болмысының шектеулігі ретіндегі уақыт түсінігін адам санасына сіңіре бастады. Мұсылман уақытының дәуірі мұсылмандардың Меккеден Мединеге қоныс аударған 622 жылғы 26 (16) шілдесінен басталады. Бұл уақыт Мұсылман өркениеті дәуірінің басталуын анықтады. Көшпенді-араб, әрине, уақытты білді әрі сезінді, бірақ ол өзіне берілген фәни уақыттың өткіншілігі мен бақи уақыттың мәңгілігін түсіне қоймай-тын еді. Уақыттың бұл түсінігі келген кезде адам өмір сүруге асығады. Мұсылман мәдениетінің осыншалықты қарқынмен гүл-деніп дамуы осымен байланысты емес пе? Уақыт адамды өзінің өмір сүруін пайымдауға асықтырып қана қоймай, осы пайымдауда уақыты кейінірек келетін басқа адамдар үшін де ұлы жолдар мен ілімдер қалыптастырады.

Адам үшін ақиқат біртіндеп ашылады, илаhи мән-мағына мен шындық адамның Оған деген жолын нұрландырады. Құранды оқу — өте салмақты іс, Құрандағы баянның мәні қасиетті мағыналарға толы. Құранды түсіну – бұл тура мағынасында әріптеп қана оқу емес, осы қасиетті мәннің мазмұнын ашу. Қандай да бір қағиданың формальды мағынасының астарында мәні жағынан одан да асып түсетін рәміздік мағына жатыр. Әсіресе бұл пайғамбарлық шындықтарға қатысты.

Құран өз бойына құдай мен адам туралы білімнің бірлігін жинай-ды. Осыған орай Құранды оқу жай іс болмағандықтан, оны оқудың тұтастай жүйесі – мұсылмандық экзегетика – Құранның ішкі мәнін ашуға тырысатын «илм әл-Құран әт-тәфсир» қалыптасты. Бұл түсін-діру эзотериялық және экзотериялық мән-мағынамен байланысты болды. Тәфсирлердің тұтастай Құранға ғана емес, тек белгілі бір сүрелер мен аяттарға ғана қатысты жазылатынын да ескеру маңызды, тек бір ғана сүренің артықшылықтарын іздестірумен (фада-ил) айна-лысатын көптеген тәпсірлер бар.

Тәфсирлердің пайда болуы қандай да бір мәселенің немесе әлеуметтік-діни қақтығыстың салдарымен байланысты. Оның үстіне әрбір тарихи уақыттың өзінің сүйікті сүрелері бар. Мысалы, «жаң-ғыру» дәуірінде «Нұр», «Қадыр», «Инсан», Саты баспалдақтары» сүрелері көп тәпсірленсе, құлдырау дәуірлерінде «Нұх», «Қиямет», «Хашыр» және басқа сүрелер тәпсірленеді, дәл осы себепті тәфсір-лердің тарихи болмыспен байланысын теріске шығаруға болмайды, ол күмәнсіз.

Осылайша, Құранда философиялық рефлексия үшін негіз болатын, түбір болатын тұжырымдар жеткілікті. Және онтологиялық, гносеологиялық мәселелерге терең рефлексия жасаудың алғашқы қадамы  фәлсафаның пайда болуының теориялық қайнарларының бірі – кәламның орнығуымен байланысты болды. Құрандағы тұжырымдық сипатқа ие болған мынандай мәселелер – адамның жеке ерекшелігі мен болмыстылығы, әрбір адамның өз ісі үшін жеке жауапкершілігі, ағартушылыққа ұмтылуы мен Қасиетті Мәтінді зердемен игерудің басымдылығын мойындау осы мәселелердің кәлам дискурсында мутазилиттер мен ашариттердің ілімінде жасақталуына әкелді.

*Қараңыз: Философский энциклопедический словарь. М., 1989 (статьи по проблемам ислама).

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *